Денсаулық сақтау

Жедел жәрдем қызметкерлері жаңа әдісті меңгеруде

 

Теріскейлік жедел жәрдем қызметкерлері жаңа әдісті меңгеруде.  Тың тәсіл ағымдағы айдың өзінде 2 мәрте қолданылыпты. Нәтижесі көңіл қуантады. Сүйекішілік тамырлық қолжетімділік процедурасының нәтижесінде фельдшерлер қос солтүстікқазақстандықтың өмірін сақтап қалды. Біліктілік танытып, адам өмірін құтқарған дәрігерлердің бірі – Дилмурат Шавдунов пен әріптесі. Олар үйінде құлап, жарақат алған 48 жастағы ер адамның қанын тоқтатқан.

ДІЛМҰРАТ ШАВДУНОВ, облыстық жедел жәрдем орталығының дәрігері:
–  Қаңтардың 10-ы күні әріптесіммен шақыруға бардық. Азаматтың қолтығының асты жарақаттаныпты. Салдарынан веноздық қан кеткен. Мұндай сәтте қанды шұғыл түрде тоқтату қажет. Осыны ұғынып біз жаңа тәсілді қолдандық. Қазір науқас өзін жақсы сезінеді. Жақын арада ауруханадан шығарылмақ.

Адам өмірін сақтап қалуда ауадай қажет бұл тәсіл қалай жүзеге асады? Барлығы – тың технологияның арқасы. Алғашқы көмек заман игілігінің көмегімен жасалады.

–  Это дрель. Вставляется игла. Обрабатывается место инъекции, при необходимости обезболивается. Далее кожа протыкается и начинаем сверлить.

Дәрігерлер бұрғымен сүйекті тесіп, ішіне қажетті дәріні құяды. “Бұдан қорқудың қажеті жоқ”,- дейді дәрігерлер. Жаңашылдық өзінің тиімділігін шетелде баяғыда-ақ дәлелдеген. 2022-нің қараша-желтоқсан айларында 24 жерлестеріміз тың тәсілді канадалық әріптестерінен үйреніпті. Әлі де меңгеріп жатқандар бар.

ВЛАДИМИР ЖУЖГОВ, облыстық жедел жәрдем орталығы директорының орынбасары:
– Қазақстан-Канада жедел медициналық жәрдемінің әріптестігі аясында халықаралық жаттықтырушыларды шақырттық. Алдымен 4 нұсқаушы оқытудан өтті. Кейін олар біздің 24 маманға білген-түйгендерін үйретті. Арнайы құрылғымен сүйектің кез келген жерін тесуге болмайды. Белгілі бір нүктелерді бұрғылап, дәрі енгізу қажет. Алғашқы көмектің ең маңызды тұсы – осы.

Алдағы уақытта өңірде жаңа тәсілді меңгерген мамандардың саны артады. Ақпан айының ортасында 10-нан астам фельдшер оқытудан өтпек.


Самал Жунусова