ТЖ

ТЖД мамандары тұрғын үйлерді тексеріп жүр

 

Бұл – Қаттай Кеншібаев көшесі бойындағы 5 қабатты жатақхана. Нысан орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған. Тұрғындардың көбі электр плитасын қолданады.

– Из управления ЧС. У нас сейчас рейдовые мероприятия проходят. Пользуетесь плиткой или газом? – Плиткой.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бүгін жатақхана тұрғындарын тілдесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді, жаднама таратты.

СНЕЖАНА МОКРЕНКО, қала тұрғыны:
–  Үйде электр плитасын қолданамын. Газ баллоны қауіпті екенінен хабардармыз. Қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде ұстану қажет.

Бүгінгі таңда Петропавлда орталықтандырылған газбен қамтылмаған көпқабатты 23 үй бар. Рейд барысында соның 15-і тексерілді. Құқық бұзушылық тіркелген жоқ.
Тіркелген жағдайда айыпты адам жауапқа тартылады.

ЖАНАЙДАР СҰЛТАНОВ, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің әдіскері:
– Үйде газ баллоны болған жағдайда пәтер иесіне 7 АЕК көлемінде айыппұл саламыз. Егер олқылық қайталанса, айыппұл көлемі 10 АЕК-ке артады. 2 қабаттан жоғары көпқабатты үйлерде газ баллонын қолдануға болмайды.

Мамандар биыл да, былтыр да ешкімге айыппұл салмаған. Тек 2021-де ғана бір жағдай тіркелген.


Гульден Симбаева