Денсаулық сақтау

Тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 9 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Өткен жылы облыс тұрғындарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жалпы сомасы 9,2 млрд теңге жұмсалды. Нәтижесінде 114 нозология бойынша 134 мыңнан астам пациентке препарат таратылды. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, науқастар саны тұрақты емес. Яғни, диагнозына қарай жыл сайын өзгеріп отырады, бұл ретте өсім байқалады екен. Ал биылғы жылы емделушілерге тегін дәрілік препарат беру үшін 9,6 млрд теңге бөлініпті. Медициналық өнімдер сатып алынған. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, препараттар арнайы жүйеге әлі тіркелмепті. Жуық арада таратыла бастайды.

РИНАТ ҰЛМЕСЕКОВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
– Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармасына тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша тұрғындардан қоңыраулар түсіп жатады. Науқастардың нақты санын айту мүмкін болмайды. Нозология әр түрлі. Пациенттерді толық қамтамасыз етуге жұмыстар жүргізіліп жатыр. 114 нозология өзгеріп отырады.


Алтынай Казиканова