Құқық қорғау органдары

Мамлют ауданының тұрғыны көлікті құжатсыз әрі мас күйінде басқарған

Мамлют ауданының тұрғыны басқарған «Nissan» маркалы машина полиция қызметкерлерінің “Тоқта” дегеніне қарамай зуылдап барады. Қашып құтылғысы келген жүргізуші Покровка ауылының тұсында ұсталды. Өзі өткен жылдың жазында 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылыпты. Қасында 46 жастағы жолаушысы бар. Екеуі де ішімдік ішіп алған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тәртіпке бағынбаған ер адамға айыппұл салынып қана қоймай, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылуы ықтимал.


Дана Ешкенова