Құқық қорғау органдары

Қалада кәмелетке толмаған 26 бала тәртіп сақшыларының есебінде тұр

 

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, көп жағдайда ата-ана назарынан тыс қалған бала қылмысқа барады. Оның алдын алу туралы білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен жиында талқыланды. Педагогтарға балаларға отбасылық құндылықтар жайында жиі айтып отыру ұсынылды.

Оңалбек Әбдікәрімов – қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы
–  “Кездесудің себебі – қылмыстың алдын алу, болдырмау, мұғалімдермен, директорлармен бірлесіп жұмыс істеу.
Өткен жылы көп іс-шара өткіздік. Алдағы оқу жылында да көп іс-шара өткіземіз. Балалардың тәртібі – ювеналдық полиция бөлімшесінің бақылауында”.

Облыс орталығында өткен жылы кәмелетке толмаған 19 бала қылмыс жасаған. 26 бала есепте тұр. Былтыр кәмелетке толмағандардың ісі жөнінде 27 материал қаралған.


Гульден Симбаева