Құқық қорғау органдары

Ауылдық дүкендерден 143 литр заңсыз алкоголь тәркіленді

 

Еш лицензиясы жоқ сыра, арақ пен шарапты ауылда саудалап келген. Мамлют ауданының полиция қызметкерлері елді мекендерде көлеңкелі бизнеспен айналысқан 2 дүкенді анықтап, 143 литр заңсыз алкоголь тәркіледі. Кәсіпкерлерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы негізінде материал жиналды. Жинақталған материалға сәйкес, егер жеке тұлға заңға қайшы жолмен спиртік ішімдік сатса, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. Ал бұндай әрекетке заңды тұлға барса, сома 86 мың теңгеден асып түседі. Қоса кетейік, былтыр облыста 9600 литр заңсыз алкоголь тәркіленіп алынған.


Байболат Култанов