Денсаулық сақтау

СҚО-да 50-ден астам жүкті әйел тұмау жұқтырған

 

 

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары берген соңғы мәлімет бойынша өңірде 300-ге жуық адам тұмау жұқтырған. Басым бөлігі – екпе алмағандар. Тұмауға шалдыққандардың арасында 53 жүкті әйел мен 84 бала бар. Сондай-ақ, облыста жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдығу деңгейі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,6 есеге артқан. Сырқаттанып қалғандардың басым бөлігі – балалар.


Гульден Симбаева