Ауыл шаруашылығы

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінді

 

Биыл көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 140 млрд теңге бөлінді. Несиелеуді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жүзеге асырады. Қаңтар айында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен өтінімдерді қабылдау басталып кетті.«Аграрлық несие корпорациясына» қаржыландырудың жалпы сомасы 70 млрд теңгеден екі траншпен жіберілмек. Алғашқысы қаңтарда аударылды , кейінгісі ақпанда жолданады. Осы жылы бағдарламаның шарты бойынша несиелеу мерзімі келесі жылдың көктемінің басына дейін ұзартылды. Бұрын кредиттеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектеліп келген болатын. Бюджеттік қaржыландыру eсебінен кеміндe 2 млн гa егіс алқaбын қaмту жoспарланудa.


Алтынай Казиканова