Қоғам

І топ мүгедектігі бар жандар мен көпбалалы аналар қоғамдық көлікпен тегін жүреді

 

 

Елімізде ағымдағы жылдың 1-ші наурызынан бастап І топ мүгедектігі бар жандар мен көпбалалы аналардың барлығы қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады. “Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел” жол картасына сәйкес жолаушылардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру қарастырылған. Енді қалалық, қала маңында қатынайтын көліктерде “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған, сондай-ақ, I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар тегін жүре алады. Сонымен қатар, 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер де билет құнының жартысын төлейді.