Құқық қорғау органдарыҚоғам

Ғ.Мүсірепов ауданында 450 млн теңге ұрланған

Мемлекет қаржысы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен. Ғабит Мүсірепов ауданында “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында жол салу жұмысына бөлінген 450 млн теңге ұрланған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ресми ақпарға сүйенсек, ауданда 53,5 шақырым жол салынуы қажет болған. Алайда, оның бақандай 27 шақырымында тиісті жұмыс жүргізілмеген. Сөйте тұра “шаруа толық көлемде тындырылды” деп қағазға түскен. Тергеу кезінде қыруар қаржыны қалтаға басқандар анықталыпты. Қазір іс сотта қаралып жатыр екен.

 ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі
“Жергілікті тұрғындар үшін бұл жолдың салынуы облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан әлеуметтік маңызы бар. Қаржы мониторингі агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің осындай жұмыстарды жүргізуі қазіргі уақытта кейбір учаскелері жұмыс істеп тұрған тас жол құрылысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді”.


Байболат Култанов