Қоғам

100-ге жуық солтүстікқазақстандық көлігін заңдастырды

Соңғы 3 күнде 500-ге жуық солтүстікқазақстандықтың шетел көлігін заңдастыру туралы өтініші мақұлданған. Оның 100-ге жақынына техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір берілді. Қалғанының өтінімі әлі қарастырылып жатыр. Өңірде жалпы саны 7 мыңнан астам сырттан жеткізілген автомобиль тіркеледі деп болжануда. Ел көлеміндегі дерекпен де бөлісе кетейік. 23-і қаңтардан бері 13 мың қазақстандық өтініш беріп, оның 870-ден астамы жылжымалы мүлігін заңдастырған. Естеріңізге сала кетейік, елімізде дүйсенбіден бері шет елден әкелінген темір тұлпарларды есепке алу шарасы жүріп жатыр. Ережеге сәйкес, жеңіл машина, шағын және орташа автобустар мен кішігірім жүк көліктері тіркеледі. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келген оң рөлді техника да осы тізімге енеді.


Самал Жунусова