Қоғам

“Wildberries”-ке 500-ден астам қазақстандық шағымданған

Азаматтардың “Wildberries” шетелдік сауда алаңының жұмысына жиі көңілі толмайды. Сауда министрлігінің мәліметінше, өткен жылы 11 млн теңгеге 550-ге жуық шағым түскен. Нәтижесінде дәл осы сомаға 382 тұтынушының құқығы қорғалыпты. Қазақстандық итнернет-ресурстарға келетін болсақ, түрлі сауда алаңдарына қатысты 6,6 млн теңгеге 180-ге жуық шағым жолданып, тұрғындардың 3,8 млн теңгеге құқықтары қорғалған. Бұзушылықтардың дені тауарды айырбастау, қайтару мүмкіндігінің болмауы мен тауардың сапасыздығымен байланысты. Көбіне сатып алушылар тауардың құнын толық төлемейінше оны тексере алмайды. Сатушы туралы ақпарат болмайтын жағдайлар да болады. Оған қоса, тұтынушылар сатып алу сапасын растайтын құжаттарды талап ете алмайды.


Самал Жунусова