Қоғам

Облыста полиграфиялық бояулар өндірілуі мүмкін

 

Qyzyljar арнайы экономикалық аймағының аумағында полиграфиялық бояулар өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жоба іске асырылса, Петропавлда 65 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Инвестиция көлемі 5 млрд теңгеден асады. Сонымен қатар, мөрі бар икемді қаптама өндірісін іске қосу қарастырылып жатыр. Мұнда да 5 млрд теңге қаржы құйылады деп болжануда. 70-ке жуық жұмыс орны ашылады. Индустриялық даму комитетінде аталған жобалардың маңыздылығы әрі іске асыру кезінде қолдау көрсетуге дайын екендігі атап өтілді.


Алтынай Казиканова