Құқық қорғау органдары

Марихуанамен ұсталған ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 

Өңір полицейлері 3 қап есірткімен ұсталған ер адамға қатысты материалды сотқа жіберді. 49 жастағы азамат шамамен 5 ай бұрын «Астана-Петропавл» жолында құрықталған болатын. Ол полимерлі қапқа буылып-түйілген марихуананы Volkswagen Passat автокөлігінің жүксалғышына салып алған.

– В мешке находится вещество растительного происхождения со специфическим запахом зелёного цвета. Оперативное видео 3 мешка марихуанны УПН.

Бұл аса ірі көлемге жатады. Ер адам бұған дейін Ақмола облысында нашақор ретінде есепте тұрған. Бұрын сотталған. Ол тәртіп сақшыларын есірткіні өзім пайдалану үшін алдым деп сендіруге тырысқан.

ЖАНГЕЛДІ ӘПЕНОВ, қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы

– Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат кептірілген марихуана болып табылды. Салмағы 49 – килограмм 370 грамм. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынды. Қылмыстық кодексі 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа жіберілді. Осы баптың санкциясы он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Өткен жылы облыста есірткіге қатысты 241 құқықбұзушылық анықталды. Оның 17-сі есірткіні аса ірі көлемде сақтау және 90-ы өткізуге қатысты. Заңсыз айналымнан 423 келі наша тәркіленіп алынды, 3 келіден астамы – синтетикалық есірткі.


Самал Жунусова