Спорт

Биыл 560 мың бала спортпен және шығармашылықпен тегін айналысады

Елде спортпен және шығармашылықпен айналысатын ұл-қыздар қатары көбеймек. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 560 мың бала “ArtSport” бағдарламасы бойынша түрлі үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік алмақ. Бұл бағытқа жергілікті атқарушы органдар 86,7 млрд теңге бөліп отыр. Бұл жайлы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов хабарлады. Жалпы, өткен жылы мұндай мүмкіндікке 4 пен 17 жас аралығындағы 400 мыңнан астам қазақстандық бала ие болды. Олар 13 мың спорт секциясы мен шығармашылық үйірмелерге тегін барған екен.


Алдияр Айтпаев