Аптадағы маңызды жаңалықтар

Айдарбек Сапаров пен Саха Республикасының басшысы меморандумға қол қойды

 

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров пен Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының қабырғасында кездесу өткізді. Жүздесуде өңір мен Саха Республикасы арасындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және нығайту мәселелері талқыланды. Өз кезегінде аймақ басшысы ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдіріп, сахалық инвесторларды өңірдегі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Сонымен қатар, Айсен Николаевқа теріскейдің экономикалық әлеуетін таныстырып, қолға алынып жатқан жобаларға тоқталып, сауда, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында өзара тиімді ұсыныстарын жеткізді. Саха Республикасының басшысы машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы және энергетика саласындағы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Қос тарап сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.


Алтынай Казиканова