ТЖ

№13-ші мектепте оқу-жаттығу жиыны өтті

Заречный кентінде орналасқан №13-ші мектепте оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Әуелі сирена соғылып, балалар 2 жақтағы баспалдақпен мұғалімдерімен бірге далаға жүгіріп шықты. Білім ұясы екі қабатты, сыртқа шығуға арналған 6 есігі бар. Барлығы – 180 бала білім алады, соның 18-інің мүмүкіндігі шектеулі. Оларға арнайы екі есік қарастырылған. №13 орта мектебінің директоры Абай Қайсиннің айтуынша, балалар қауіпсіздік ережелерін жақсы біледі, өйткені, мұндай шаралар жыл сайын ұйымдастырылып тұрады.

АБАЙ ҚАЙСИН, қалалық №13 орта мектебінің директоры
–  Мектеп оқушылары қалай шығу, қандай есіктен шығу керектігін өздері жақсы біледі. Бүгінде біздің мектепте 180 бала білім алады. 1-ші сыныптан оқушыларды төтенше жағдайға дайындап үйретеміз.

Жеткіншектер төтенше жағдай кезінде адам құтқаруда қолданылатын құрал-жабдықтармен танысып шықты. Кейін балаларға қауіпсіздік ережелері жайында дәріс оқылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бүгін оқушылар мен мұғалімдердің әр сәтке дайын екендіктеріне көз жеткізді.

РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері
–  Осындай шара ай сайын облыстың және қаланың мектептерінде өткізіліп тұрады. Оқушылар оқу-жаттығу кезінде өздерінің іс-әрекеттірімен төтенше жағдайға дайын екенін көрсетті.

Бұл іс-шара келе жатқан Азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылып отыр.


Гульден Симбаева