БілімБалалар

Жас конструкторлардың жарысы

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары робототехника бойынша Астанада ұйымдастырылған “NURORDA first Championship” байқауына қатысып жатыр. Білім ұясының намысын бірнеше жастан құралған “ArtaRobotics” атты команда қорғауда. Жас өнертапқыштар конкурсқа өңір тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету жобасын ұсыныпты. Нәтижесінде еңбектері “Engineering skills” номинациясында топ жарған. Байқау әлі аяқталған жоқ. Оның қорытындысы бойынша жас дарындар республикалық сайысқа жолдама алуы мүмкін. Айта кетейік, бұл дода петропавлдық, қарағандылдық, ұлытаулық, ақмолалық, қостанайық және керекулік өнертапқыштардың басын қосты.

ТАЙМАС ЕДРИСОВ, Химия-биология бағытындағы НЗМ студенті:
–  Біз өз жобамызды “Облысымыздағы электр энергиясы тапшылығы мәселесін шешу” деп атадық. Бұл проблема қазір аса өзекті болып тұр. Байқауға арнайы робот-станция жасадық. Ол құмды батареялардың арқасында жел энергиясын жылу энергиясына айналдырады. Осылайша, тұрғындар жылумен қамтамасыз етіледі.


Самал Жунусова