Білім

Қосдипломдық білім беру бағдарламасына жаңа бағыт қосылуы мүмкін


 

Қала мектептерінде оқитын ұл-қыздар Оқушылар сарайынажиналды. Олар жергілікті және Аризона университетінің білім беру бағдарламаларымен танысып, әр факультет жайлы ақпарат алуда. Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Алтынай Сәкен болашақта туризм мамандығын таңдамақшы. Бүгін Қозыбаев университетінде қандай мүмкіндіктер бар екенін, педагогтердің біліктілігімен танысыпты. Еліміздегі жоғары оқу орындарын қазірден қарастырып жүр екен.


АЛТЫНАЙ СӘКЕН, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:
– ҰБТ-да география және ағылшын тілінтаңдап, туризм мамандығына түскім келеді.  Туризмді таңдаған себебім – маған жақын, өзіме ұнайды.
Саяхаттағанды ұнатамын.


Негізі, бүгінгі кездесудің басты себепкерлері – Аризона университетінің басшылық құрамы. Меймандар оқу процесіқалай жүргізіліп жатқанын және Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін тереңірек білу үшін келіп отыр. Жиындатараптар келешекте қосдипломдық бағдарламаға педагогикалық бағытты қосу туралы әңгіме қозғады.


РОБЕРТ БЕРРИ, Аризона университетінің білім беру колледжі деканы, АҚШ:
 Біз қаладағы бірнеше мектепті аралапшықтық. Ондағы мақсатымыз – мұғалімдердің ұл-қыздарды қалай дайындап жатқанын көру. Сондай-ақ, қазақстандық және қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттерментілдестік. Әріптестіктің алғашқы жылы болғандықтан, бұл жұмыстың маңызы зор. Қыз-жігіттердің қандай проблемалармен бетпе-бет келетіндерін білгіміз келді. Өйткені, мұның бәрі білім сапасын жақсартуға септеседі.



Қазір Петропавлда 44 студент қосдипломдық білім беру, ал 100-ден астамы халықаралық бағдарлама бойынша оқып жүр.