Қоғам

Дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТІЖ-ны ресімдеу міндеттеледі

 

Ағымдағы жылдың 10-шы ақпаннан бастап елде астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау мен экспорттау кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжат ресімдеу міндеттеледі.

 Қанат Ғабдуллин, СҚО бойынша МКД ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы:
– Салықтық әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және цифрландыру шеңберінде 2020 жылдың соңында ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу және әкету кезінде ТІЖ енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Осы ретте статистикамен бөлісе кетейік, ТІЖ енгізу есебінен ЕАЭО елдерінен жалған алушылардың атына тауарларды әкелу 2019 жылғы 10,2 мың фактіден 2021 жылы 259 фактіге дейін қысқарды.

Сонымен қатар, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығының түсімдері 2021 жылы 2020 жылға қарағанда 35%-ға немесе 236 млрд теңгеге ұлғайған.

Қанат Ғабдуллин, СҚО бойынша МКД ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы:
– Өткен жылмен салыстыратын болсақ, өңірде өсу қарқыны 18,6 пайызды құрады немесе 3,5 млрд теңге болды. Жүргізіліп жатқан пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТІЖ-ді міндетті ресімдеу енгізіледі. Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №1178 бұйрығына қол қойылды.

Бұйрық 56 позицияны қамтиды. Тауарларға ілеспе жүкқұжатты міндетті ресімдеу күшіне енген кезде тиісті куәлікті ұсынбағаны және мәліметтердің нақты тасымалданатын жүкке сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет. Кәсіпкерлерге 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін.


Дана Ешкенова