Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 9,1 пайызға ұлғайды

Өткен жылы елде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 9,1 пайызға артып, 9,3 трлн теңгені құрады. Бұл өсім негізінен өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру көлемін 15 пайызға ұлғайту есебінен болып отыр. Өткен жылы ауа райының қолайлы болуына байланысты егін жинау науқаны тоқтаусыз өткізіліп, берекелі өнім жиналды. Соңғы 10 жыл ішіндегі ең жоғарғы түсімдердің бірі алынды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдың 22,8 млн тоннасы бастырылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 39 пайызға көп. Бидайдың жалпы жиналуы 44 пайызға артып, 17 млн тоннаны құрады. Сондай-ақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, 13,2 млн тоннадан астам астық пен ұн, оның ішінде 10 млн тонна астық экспортталды. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Бұдан басқа 4 млн тонна картоп, 4,9 млн тонна көкөніс дақылдары жиналды.


Дана Ешкенова