СҚО әкімдігі

СҚО әкімдігінде кезекті отырыс өтті

 

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың жетекшілігімен облыс әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда 2022 жылғы қылмыстың жай-күйін, полиция қызметінің моделін енгізу нәтижелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және ТҮКШ, жол және жолаушылар саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері талқыланды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перов облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасымен қамтылған мәселелерді қарау жөніндегі комиссия жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, оның айтуынша, биыл мамандар кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін тәуекелдерді жою жұмыстарына баса назар аударады. Осы орайда аймақ басшысы Айдарбек Сапаров жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылықтың ресурстарын біріктіру маңызды екенін атап өтті.

АЙДАРБЕК САПАРОВ. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
– Биылғы жылы біз жақсы дайындалуымыз керек. Жылдың басынан МВК-ны уақытында өткізіп, квартал сайын бүкіл жасаған анализдерді, жұмыстарды орнына келтіру керек. Үлкен жұмыс тұр. Сондықтан, бүкіл әкімдерге осындай тапсырма беремін. Кім қаржы қарастырды, оны қазір бірінші тоқсанда өткізу керек. Сәтжан Айтенович, осыны назарда ұстаңыздар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларының тиімділігін арттыру үшін барлық мемлекеттік органдар техникалық спецификацияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен келісу қажет деп атап өтті мамандар.


Самал Жунусова