Қоғам

Шетелдік автокөліктерді онлайн заңдастыру

 

Шетелдік автокөліктерді онлайн заңдастыруға да болады. Арнайы сервис eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында ұсынылды.
Оны Электрондық үкімет порталының басты бетіндегі «Сервистер» бөлімінен және «Көлік және коммуникациялар» – «Автомобиль көлігі» бөлімінен табуға болады. Сонымен қатар, eGov Mobile мобильді қосымшасының «Жүргізу және көлік» бөлімінде қолжетімді. Өтініш беру үшін көлік иесі мына талаптарды орындауы керек:


– тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелу;
– Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
– мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркеудің болуы;
– автокөліктің және көлік құралының бұрынғы иесі туралы барлық қажетті мәліметтерді толтыру;
– тексеруге сұрау жіберу;
– көлік құралын тексеруден өткізу үшін Арнайы ХҚКО-ға электрондық кезекті брондау.


Байболат Култанов