Құқық қорғау органдары

Петропавлға есірткі жеткізетін арнаның жолы кесілді

Петропавлдық полицейлер Астана қаласынан облыс орталығына есірткі жеткізетін арнаны анықтады. Зиянды затты тасымалдады деген күдікпен «курьер» ұсталды. Одан «тұз» деген атпен белгілі синтетикалық есірткінің 50 түйіншегі тәркіленді. Бұл ірі көлемге жатады. Айта кетейік, аталған факті қаңтардың 16-сы мен 20-сы аралығында ұйымдастырылған «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында әшкереленді. Бұған қоса тағы 14 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.


Алтынай Казиканова