Құқық қорғау органдары

Петропавлда екі ер адам мылтықпен қолға түсті

 

Мылтық ұстаған екі ер адам қала маңындағы саяжайлардың бірінде жүрген. Алдарынан шыққан полиция қызметкерлерін көре сала күдікті азамат қолындағыны қарға тастай салып, қаша жөнелген. Екеуі де қашып құтыла алмады. Тәртіп сақшылары қардың арасынан бір ұңғылы “ИЖ-К” аңшы мылтығы мен 16-шы калибрлі 5 патрон салынған пакет тапты. Қолындағы қаруды жасырған ер адам 30-да. Айтуынша, ол мылтықты бұталардың арасынан тауып алған. Қазір бұл фактіге қатысты тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.


Гульден Симбаева