Қоғам

2022 жылы өңірде мыңнан астам жаңа заңды тұлға тіркелді

 

Жаңадан тіркелген шаруашылық жүргізетін субъектілер санының 99 пайызы шағын, қалғаны орта кәсіпорын болып табылады. 5 кәсіпорын мемлекеттік меншік нысанына, 958-і – жекеменшік, ал 150-ге жуығы шетел меншігіне жатады. Жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар, автомобиль мен мотоцикл жөндеу, құрылыс, ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында жаңа шаруашылық жүргізетін субъектілердің қарқынды құрылу процесі байқалады. Шаруашылық жүргізетін 456 субъект таратылды. Заңды тұлғалардың 79 пайыздан астамы Петропавл қаласында тіркелген.


Самал Жунусова