СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтарДенсаулық сақтау

Облыс әкімі қаладағы медициналық мекемелерді аралады

 

Облыс әкімі Петропавлдағы медициналық мекемелердің тыныс-тіршілігімен танысты. Айдарбек Сапаров алдымен кардиология орталығына барды.


АСХАТ МОЛЖІГІТОВ, облыстық көпбейінді ауруханасы бас директорының бірінші орынбасары:
– До 20 операций в день мы проводим, две операции на открытом сердце и по сосудистой хирургии и еще около 15 операций. Это закрытые операции по эндоваскулярному лечению.


Айдарбек Сапаров алдағы уақытта ұлттық жоба аясында емдеу мекемелерінің саны артатынын айтты.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
–  Медициналық құрал-жабдықтарға, техникаға қажетті қаржы бөлінеді. Денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызы зор. Біздің басты міндетіміз – тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету.

Бұл ретте заманауи аппараттардың алар орны ерекше. Мәселен, мына құрылғы коронавирус тап берген уақытта талай адамды ажалдан аман алып қалуға септесті. Өкпесі 99 пайыз қабынған науқастың 60 күн бойы тыныс алуына көмектескен.

АСХАТ МОЛЖІГІТОВ, облыстық көпбейінді ауруханасы бас
директорының бірінші орынбасары:
–  Заман игілігі баллон арқылы іске қосылады. Өкпенің тынығуына мүмкіндік беріп, қалпына келуіне септігін тигізеді. Осы уақытта қанға оттегіні тасымалдайды.

Қан тамырларының жағдайын бақылайтын аппарат та азаматтардың денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Мұнда олардың саны екеу. Бағасы – шамамен 800 млн теңге. Біреуі тозыңқыраған көрінеді.

АСХАТ МОЛЖІГІТОВ, облыстық көпбейінді ауруханасы бас директорының бірінші орынбасары:
–  Қазір коронарлық ангиография жүргізу бойынша ота жасалып жатыр. Операцияны резидентураны биыл аяқтап келген жас маман жүргізуде. Жалпы, күніне бұл құрылғымен 20-ға жуық процедура жасалады.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Давайте тогда бюджетную заявку будем готовить, через Министерство здравоохранения будем пробовать, может, что-то за счет местного бюджета посмотрим. Я смотрю здесь ремонт нужно сделать, условия создать нужно и для врачей, и для пациентов.

Айдарбек Сапаров жаңа рентген аппаратын монтаждау барысымен де танысты. Қоса өтсек, облыстық кардиология орталығында жыл сайын 3 мыңнан астам ота жасалады. Өңір жетекшісі бұның өте үлкен жүктеме екенін атап өтті.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
– Жуырда Тайынша ауданаралық ауруханасында жаңа бөлімше ашылады. Ол жақта да осындай операциялар жасалмақ. Науқастардың бір бөлігі сонда емделеді. Жаңа орын ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың пилоттық жобасы аясында ісін бастамақ.

Орталықта кадрлар жеткілікті десе де болады. Биыл мамандар саны 2 кардиолог, анестезиолог-реаниматологпен толыққан. Ал облыстық көпбейінді ауруханаға 2022 жылы 17 жас маман жұмысқа тұрды. Айдарбек Сапаров компьютерлік томографтың қалай істеп тұрғанын да бақылады.

СӘКЕН ӘМРИН, облыстық көпбейінді аурухананың бас директоры:
–  Біз күніне 30 пациентті тексереміз. Аппарат үшін бұл үлкен жүктеме. Алайда, диагностика үшін таптырмас қондырғы.

Ангиографиялық қондырғы 2020 жылы сатып алынған. Оның көмегімен жоспарлы және шұғыл операциялар жүргізіледі. Бұған дейін дәрігерлер кардиоорталықтың базасында ота жүргізіп келген.


СЕРГЕЙ РУЦКИЙ, облыстық көпбейінді аурухананың кабинет меңгерушісі: В прошлом году мы сделали 568 операций, по сравнению с предыдущим годом на 60 операций мы увеличили количество.

Аймақ басшысы облыстық ауруханада қызметкерлермен қатар емделіп жатқан науқастармен тілдесті.


– Дәрігерлер жақсы қарай ма?

Осыдан соң Айдарбек Сапаров қалалық көпсалалы ауруханасына барды. Мұнда жансақтау бөлімшесінің жұмысымен танысты.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
–  Жансақтау бөлімшесі керекті қондырғылармен толықтай жабдықталған. Дегенмен, алдағы уақытты инсульт орталығын одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз. Ангиограф сатып алу туралы жоспар бар.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
–  В рабочем порядке данный вопрос мы рассмотрим, как лучше сделать. 1:22 Вместе посоветуемся, обсудим и какое-то решение нужно принимать.

Бұл ауруханада өзекті тұрған мәселе бар. Мұнда 18 дәрігер жетіспейді.

ЖАННА МАУТОВА, қалалық көпбейінді жедел жәрдем ауруханасының директоры:
–  Қарағандыға резидентураға түскісі келген 2 акушер-гинеколог болды. Бірақ, оларға Қарағанды және Қостанай облыстарына баратындықтары туралы айтылды. Яғни, ол жақта білім алса, біздің өңірге жібермейді екен.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: На уровне акима области, Минздрава данный вопрос надо решать. Мы в одном Казахстане живем.

Жанна Маутова көпбейінді қалалық аурухананың жүктемесі ауыр екенін де айтты. Енді құрал-жабдықтарға тоқтала кетейік. Мұнда 2022 жылы жаңа компьютерлік томограф орнатылды. Бүгінде облыс бойынша осындай барлығы – 6 аппарат жұмыс істеп тұр.


Алтынай Казиканова