Құқық қорғау органдары

Шетелдік автомобильдерді заңдастыру

 

Облыс полицейлері көлік иелеріне шетелдік маркалы автокөліктерді заңдастыру жайлы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Мамандар осы тақырыпта әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізді. Заңдастыру үшін қандай құжаттар қажет екені, тексеру жұмыстарының мерзімі мен тәртібі туралы айтылды. Тәртіп сақшылары тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

– Следующий вопрос поступил: если цвет по документам не будет совпадать с фактическим цветом, это не является основанием отказа?

Ең бастысы, көлік агрегаттары құжаттарға сәйкес болуы қажет. Тұруға ықтиярхаты бар Ресей Федерациясының азаматы көлігін тіркеуге қалай қоюға болатынын сұрады.

– легализация проходит только для резидентов РК. То есть вы можете снять, перевести договор купли-продажи на гражданина Казахстана, родственника, друга, товарища.

ҚАЙРАТ СЕЙІТҚҰЛОВ, СҚО ПД процессингтік орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы
– Азаматтар өздерінің көліктерін заңдастыру үшін өтініштерін Egov порталы арқылы, екінші деңгейлі банктер арқылы да тапсыруға болады. Қосымша сұрақтар болса, Петропавл қаласындағы Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады. Азаматтардың тағы сұрақтары болса, біздің call-орталық бар.

Айта кетейік, көліктерді бірреттік заңдастыру 23 қаңтардан 1 шілдеге дейін өткізілмек. Олардың қатарына елімізге өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген, іздеуде жоқ, басқа мемлекетте тіркеуден шығарылған көліктер кіреді.


Гульден Симбаева