Қоғам

Провославтар Крещение Господне мерекесін атап өтуде

Провославтар Крещение Господне мерекесін атап өтуде. Бүгін таңсәріде қалалық жағажайға жерлестеріміз көптеп жиылды. Бірінші болып арнайы дұға оқылды. Кейіннен жұршылық ерекше қасиетке ие болған суға шомыла бастады.

Емдік қасиеті бар суға бірі шомылып жатса, енді бірі үйден әкелген ыдыстарына құйып алып жатыр.


 – Күнделікті жуынып, ішу үшін толтырып жатырмын. Ауырған кезде шипа болады.
 – Су алу үшін жыл сайын таңсәріден келеміз. Әдетте суға түсетінбіз. Бірақ, биыл денсаулығыма байланысты түскен жоқпын.

Жалпы, бұл қасиетті суға түскен жандардың жаны мен ойы тазаланады екен. Бүгін мұндай рәсім жасауға ауа райы да қолайлы болған сыңайлы.

 – Арау райы жақсы. Жел де жоқ. Суға түсуге болады.
– Ерекше әсер алдым. Қазір көлікке кіріп, жылынып алған соң суға қайта түсемін.
–  Жыл сайын түсеміз. Барлық отандастарымызға бақыт, жақсылық, тыныштық тілеймін.

Жерлестеріміздің қауіпсіздігі – басты назарда. Ойықтар маңында құтқарушылар кезекшілік атқаруда.

ТЕМІРХАН САҒЫНДЫҚОВ, қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері:
– Тұрғындар суға белгілі бір ережелерді сақтай отыра түсіп жатыр. Кәдімгі кезек-кезек құрылған. Біз адамдарға суға масаң күйде түспеу қажеттігін ескертеміз. Оны да қадағалаудамыз. Өзін жайсыз сезініп тұрған жандар да ойықтарға түсірілмейді.

Жалпы, бұл күні тек өзен-көлдердегі ғана емес, барлық су жаңарады дейді православтықтар. Бұл емдік қасиетті тіршілік көзі өз бойында 2 күн сақтайды деген сенім бар.


Алдияр Айтпаев