Құқық қорғау органдары

Прокурорлар өткен жылды қорытындылады

 

Облыс прокурорлары өткен жылды қорытындылады. Белгілі болғандай, қадағалау актілері бойынша мемлекеттік сатып алу саласында 3,5 млрд теңгеден астам сомаға 15 конкурстың нәтижелері тоқтатылған. Мәселен, жыл басында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен Қопай шағын ауданында құрылыс жүргізу үшін мемлекеттік сатып алулар жүргізіліпті. Қаражат көлемі 2,8 млрд теңгені құрайды. Анықталғандай, тапсырыс берушіде рұқсат құжаттары болмаған.

АСХАТ ӘМІТОВ, СҚО прокуратурасы аппаратының аға прокуроры:
–  Атап айтқанда, жерге тиісті құқық беру туралы шешім болмаған. Қадағалау актісі бойынша бұл конкурс жойылды. Осылайша, 2,8 млрд теңге мөлшерінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. 2020 жылдан бастап жер заңнамасы саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс шеңберінде қабылданған шаралармен 232 жер учаскесі қайтарылды, оның ауданы – 124 мың га.

26 проблемалық кәсіпорында шартты жер үлесінің 11 мыңнан астам иесінің құқығы қорғалды. Ондағы пай жерлерінің жалпы ауданы 250 мың гектардан асады.

АСХАТ ӘМІТОВ, СҚО прокуратурасы аппаратының аға прокуроры:
–  Пайшылардың қатысуымен жалпы жиналыстардың хаттамаларын қолдау жасау, алаяқтық, ЖШС-тің басшыларымен өкілеттіктерін қасақана пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі 22 тергеп-тексеру басталды. Пайшылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сотқа дейінгі тәртіппен және сотта өз бетінше қорғауы үшін іс-қимыл алгоритмдері әзірленді.

Сондай-ақ, «Жарқын СК» серіктестігінің жер үлескерлерінің құқықтары қорғалған. 2017-де пайшылардың келісімінсіз 600 млн теңге сомасына даулы кепіл шарттар жасалыпты. Аталған серіктестік пен «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арасында жасалған 14 кепіл шартының күшін жою туралы талап арыз беріліпті.

АИДА БАБАСОВА, облыс прокурорының аға көмекшісі:
–  «Жарқын СК» серіктестігі директоры мен бұрынғы басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Қылмыстық істер сотқа жолданып, басшылары темір торға тоғытылды. Бірақ, әзірге сот үкімі күшіне енген жоқ. Бұдан бөлек, «Алиби» холдингі басшыларына қатысты тергеу жалғасуда. Онда өтініш берішулердің жерлерін кепілге қоя отырып, 4,7 млрд теңге сомасына несие алынған.

Келтірілген шығын мөлшері мен қаражаттың түпкілікті бенефициарын анықтау үшін аудит жүргізілуде.


Алтынай Казиканова