Қоғам

Қызылжар ауданының православтары қасиетті суға түсті

 

Қызылжар ауданының православтары да қасиетті суға түсті. Таңғы сағат 8-ден бастап тұрғындар Есіл өзенінің Бескөл ауылы тұсындағы бөлігіне тіпті отбасыларымен келіп түсуде.

ТАТЬЯНА РОСИНСКАЯ, Бескөл ауылының тұрғыны
–  Біздің бұл дәстүрді ұстанып жүргенімізге 10 жыл болды. Күннің суықтығына қарамастан келіп шомылып жатырмыз. Солтүстікқазақстандықтарды Крещение мерекесімен құттықтаймын.

Православие өкілдері үшін қасиетті суға шомылу мыңызды. Себебі, қасиетті күні суға түскен адам барлық күнәларынан айырылып, денсаулығы мықты болады деген сенім бар.

ОЛЕГ ОРЕХОВСКИЙ, Бескөл ауылының тұрғыны
–  Біз шомылуға достарымызбен келеміз, балалар өскеннен кейін оларды да әкелемін. Жерлестерімізді қасиетті мерекемен құттықтаймын.

Ал кейбіреулері қасиетті тіршілік көзін ыдыстарына құйып алып жатыр. Олардың көбісі – қариялар. Бұл күні құтыға құйылған су өзінің қасиетін жоғалтпайды екен.

ВЛАДИМИР БАРАБАШ, Бескөл ауылының тұрғыны
–  Дәтүр бойынша жастайымнан суға шомыламын. Қазір жасым келгендіктен түсе алмаймын. Сол себепті, әйелім екеуіміз арнайы ыдыстарды толтырып алдық.

Айта кетейік, Қызылжар ауданында православтардың Крещение Господне мейрамына арналып суға шомылатын 4-еу және су алатын 7 орын белгіленген. Суға шомылушылардың қауіпсіздігі – құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлерінің бақылауында.


Гульден Симбаева