Қоғам

Бизнеске бөлінген жерлер тексеріледі

 

Бизнеске бөлінген жерлер тексеріледі. Қадағалауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары жүргізеді. Бұл жайлы облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың қатысуымен өткен отырыста айтылды. Сыртқы талдау бір айға созылады. Осы уақыт аралығында жер учаскелерін сату, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер бөлу және сатып алудан бас тарту сынды көптеген мәселелер тыңғылықты тексеріледі. Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, өткен жылы 124 мың гектар аумақты алып жатқан 232 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылыпты. Жалпы, қандайда бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін байқаған азаматтар ақпаратты экранда көрсетілген электрондық поштаға жібере алады.

upd.sko@anticor.gov.kz

 

Алдияр Айтпаев