Құқық қорғау органдары

5 күнде 24 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Есірткілік масаң күйінде көлік басқарған солтүстікқазақстандық 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Жақында полицейлер Бескөл ауылында жергілікті тұрғын басқарып келе жатқан «Mazda» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында алкогольдің иісі білінбеген. Алайда, 20 жастағы бескөлдіктің сырт келбеті мен іс-қимылы күмән тудырғандықтан тәртіп сақшылары медициналық тексерістен өтуді ұсынады. Нәтижесінде жас жігіттің есірткілік масаң күйде болғаны дәлелденді. Бұл факті «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында белгілі болды. Барлығы – 24 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ, өзге де жолда жүру ережесін бұзудың 1500-ден астам фактісі тіркелді.


Самал Жунусова