Құқық қорғау органдары

“102” қосымшасының тиімділігі

Өткен жылы солтүстікқазақстандықтар “102” қосымшасын кем дегенде 200 рет пайдаланған. 160-тан астам жағдайда арыз-шағымдар оқиға орнынан жіберіліпті. Басым көпшілігі көлікті дұрыс қоймау, қауіпті маневр жасау және апаттық жағдай туғызуға қатысты болған. Аталған қосымшаның тағы бір тиімділігі, адам қоңырау шалған сәтте оның тұрған жері қосымшадағы геолокация арқылы бірден анықталады.


Гульден Симбаева