ТЖ

“Семейный” ойын-сауық орталығынан өрт шықты

“Семейный” ойын-сауық орталығынан өрт шықты Тілсіз жау таңғы сағат 10.00. кезінде Мұқанов көшесінде орналасқан нысанда, нақтырақ айтсақ, киім сату дүңгіршегінде бас көтерді. Оқиға орнына санаулы минутта жеткен мамандар отты 1 сағат ішінде толығымен ауыздықтады. 30 шаршы метр аумақты қамтыған өрт салдарынан жапа шеккендер жоқ. Арнайы тексеріс жүргізу үшін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері іштегі адамдарды эвакуациалау туралы шешім қабылдаған. Сауда үйінен 250 адам шығарылыпты.

 

ӘДІЛ СПАЕН, СҚО ТЖД бөлім бастығы:
–  Өртті жедел сөндіруге қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің 41 маманы мен 13 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт 11:28-де ауыздықталды. Өрттің салдары мен неден шыққаны анықталуда.


Алдияр Айтпаев