Балалар

НЗМ студенті халықаралық конкурстың жүлдегері атанды

Айсана Құсайынова «Горизонт-2100» халықаралық ғылыми фантастикалық жұмыстар байқауының жеңімпазы атанды. Электронды түрде өткен сайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ден аса жұмыс ұсынылыпты. Оның 10-ы – қазақстандық ұл-қыздардың еңбектері. Байқау қорытындысы бойынша 3 отандасымыз жүлдегер атанды. “Жарқын бастама” номинациясында қола жүлде Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті Айсана Құсайыноваға бұйырды. Марапат талантты жерлесіміздің қиялынан туған эссе үшін табысталғалы отыр. 5 күн ішінде жазылған эссенің тақырыбы “Болашақтың вакцинасы” деп аталады.

АЙСАНА ҚҰСАЙЫНОВА, Химия-биология бағытындағы НЗМ оқушысы:
– Жақындарымының бірі пандемия кезінде сырқаттанып қалды. Сол себепті, жаңа вакцина шығару туралы ой туындады. Коронавирус – бүкіл әлемді әбігерге салған проблема. Мен бұл мәселені адамдарға жеткізіп, оны жеңіде бірліктің қаншалықты маңызды екенін түсіндіргім келді. Эссемде дәрігерлердің қиын жұмысы, науқастардың көбеюі, мамандардың жетіспеушілігі туралы айтылады.

Байқау жүлдегерлері Мәскеуге бармақ. Шығармашыл жандар ақпанның 5-і мен 9-ы аралығында Ресей астанасында өтетін “Әлем 2100: жаһандық трендтер және болашақ жастардың көзімен” атты халықаралық форумға қатысады.


Гульден Симбаева

REL POST ID: