Қоғам

Мәдениет үйінің директоры пара алды деген күдікке ілінді

Қалалық мәдениет үйінің директоры қызметтік құзыреттілігін асыра пайдаланған болуы мүмкін. Азаматша жалпы сомасы 8 млн теңге болатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойған. Оның өтемі ретінде кәсіпкерлік субъектісінен 454 мың теңге көлемінде пара алған көрінеді. Лауазымды тұлға екі іс бойынша күдікті деп танылып отыр.

АЙДОС ЖҮНІСОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:
–  Аталған лауазымды тұлға мемлекеттік сатып алудың күшін жою туралы заңсыз бұйрық шығарған. Осы мемлекеттік сатып алуға қатысқан жеңімпаздың бағасынан екі есе артық ұсынған қатысушымен заңсыз келісімшартқа отырып, заңды кәсіпкерлк қызметке кедергі жасау дерегі бойынша күдікті болып табылады. Әрине, күдіктілердің кінәсін сот анықтайды. Қазіргі таңда ҚПК 201-ші бабына сәйкес өзге ақппарат жария етілмейді. Ол кісі қазір жұмыс орнында. Қамауға алу туралы сұрақ қарастырылып жатыр.


Алдияр Айтпаев