Денсаулық сақтау

Қазақстанда 4 мыңға жуық дәрігер жетіспейді

Қазақстанда 4 мыңға жуық дәрігер жетіспейді. Ал орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы 3800 маманды құрайды. Дәрігерлердің жалақысы жыл сайын көтеріліп жатқанына қарамастан, мамандар саны әлі де жеткіліксіз. Мәселен, былтыр ақхалаттылардың орташа айлығы 30%-ға ұлғайтылып, 416 мың теңгеге жетті. Орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 20%-ға өсті. Қазір 208 мың теңге алады. Қаржылық қолдау биыл да жалғасын таппақ. 2023-те медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты жаңарады. Бұдан бөлек, медициналық қызметтерді қаржыландыруды 11%-ға немесе 2 трлн 488 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.


Алтынай Казиканова