Білім

«Болашақ» бойынша тағылымдамадан өтетіндерге қойылатын талап күшейтілді

«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтетіндерге қойылатын талап күшейтілді. Енді жастар конкурсқа қатысу үшін шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынады. Бұл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсын жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы керек. Соңғы 12 айда таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуге тиіс. Тағы қабылдаушыдан шетелдік ұйымнан шақыру және кемінде В1 деңгейінде мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификат талап етіледі. Айта кетейік, биыл «Болашақ» бағдарламасы аясында 162 мамандық бойынша тағылымдаман өтуге болады. Бұл тізімге «Бұлтты сервистер», «Ғарыш жүйелері мен инженерия», «Гидрогеология», «Прецизионды медицина», «Тестология» және сұранысқа ие өзге де мамандықтар енгізілді.


Дана Ешкенова