Құқық қорғау органдары

Полиция қызметкерлеріне арналған оқу-әдістемелік жиыны бастау алды

Ұлттық ұлан академиясының базасында республикалық оқу-әдістемелік жиыны басталды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам полиция қызметкері жиылды. Аталған іс-шара Мемлекет басшысының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін арттыру, сондай-ақ, халықтың полицияға деген сенімін, кадр сапасын арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылы.

МАРАТ ҚОЖАЕВ, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары
– Осы оқу-жаттығу жиындарында сіздерге Мемлекет басшысымен қойылған талаптарды, ішкі істер министрінің тапсырмаларын, сондай-ақ, халықтың талап-тілектері бойынша сұрақтарды айтып жеткізетін боламыз.

Мамандарға арналған теориялық және практикалық сабақтар бір апта бойы өтеді. Олар академияның тұрғынжайларына орналастырылады. Сабақ барысында полицейлер саптық дайындықтарын жетілдіреді, дәріс тыңдайды.

БАҚЫТЖАН БЕЙСЕЕВ, ҚР ІІМ кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары
– Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов қалалық және аудандық полиция бөліністері бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары үшін біліктілікті арттыру курстарын Ұлттық ұлан академисында өткізуді тапсырды. Негізгі мақсат – кәсіби деңгейді арттыру.  Оқуда заңдағы негізгі өзгерістер, кадр қызметінің ерекшелігі, оның жұмысын цифрландыру, тәрбие жұмысы және полиция беделін арттыру қарастырылған.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев өңір полицейлеріне биылғы жылға белгіленген міндеттер жайлы айтты.


Гульден Симбаева