Ауыл шаруашылығы

ҚР ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды

Елімізде қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды. Оны ауыл шаруашылығы министрлігі мен цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірледі. jerkarta.gharysh.kz геосервисінде бұған дейін игерілмеген, заңсыз беріліп, мемлекетке қайтарылған учаскелер туралы барлық ақпалат орналастырылған. Интерактивті карта азаматтарға кез келген уақытта қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді және осы учаскелерді алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға өтініш беру үшін бағдар болады. Бұл жылдар бойы пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ, тұрғындарды ауыл шаруашылығы үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда облыстар мен аудандар бөлінісінде инфрографиканы әзірлеу, порталдың интерфейсін толтыру процесі аяқталып жатыр. Интерактивті картаны енгізу қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу бойынша жұмысты ашық әрі айқын етеді.


Самал Жунусова