Қоғам

Қазақстан студенттері жеңілдікпен несие ала алады

Қазақстанда 2024 жылдан бастап студенттер үшін жеңілдікті несиелеу енгізілуi мүмкін, деп хабарлайды LS агенттігі. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқу ақысын 2-3%-ға төлеуге ұзақ мерзімді жеңілдікті несиелер беру жоспарымен бөлісті. Несиелеуді іске қосу қолданыстағы заңнамада қажетті нормалар қабылданғаннан кейін 2024 жылдан бастап күтіледі. Оған білім беру грантының иегері болмаған талапкерлер үміткер бола алады. Осылайша, олар мемлекет кепілдігімен несие алып, оқуына ақы төлей алады. Оған қоса, қарызды өтеу мерзімдерін белгілеу кезінде қарыз алушылардың жекелеген санаттары ескерілетін болады. Жеңілдікті несиелеуді іске асыру қаржы агентін тарта отырып, екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, министрлік білім беру гранттарын саралаудың бірнеше моделін қарастыруда. Үздік академиялық, ғылыми нәтижелері бар, сондай-ақ, республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктері бар талапкерлер толық “Дарын” грантын ала алатыны белгілі.


Самал Жунусова