Спорт

Жігіттер жаттығуда

 

 

Жігіттердің жаттығуы жалғасуда. Алдағы маусымға Қара теңіз жағасында дайындалып жатқан “Қызылжар” футбол клубы 1 жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. Өкінішке қарай, жерлестеріміз румыниялық “УТА Арад” ұжымынан жеңіліп қалды. Матч 0 де 3 есебімен аяқталды. Келесі ойын бүгінге жоспарланып отыр. Қарсыласымыз – ирактық “Эрбил” командасы. БАҚ беттерінде солтүстікқазақстандықтардың қатарына бірнеше шетелдік футболшының қосылатыны жарыса жазылуда. Олардың арасында Еуропаның белді чемпионаттарында доп тепкендер де бар. Соңғы деректерге сүйенсек, клуб сапынан 10-нан аса спортшы кеткен. Жақында желіде Мирослав Лобанцевтің жазбасы жарияланды. Қақпашы “Қызылжар”-дың жанкүйерлерімен қоштасып, алғысын білдірді.


МИРОСЛАВ ЛОБАНЦЕВ, қақпашы:
– Керемет өткен 3 жыл үшін алғысымды айтқым келеді. Осы уақыт ішінде кездестірген және жанымда болған адамдардың барлығына ризашылығымды білдіремін. Ілтипат пен қолдау танытқан жанкүйерлерге өте ризамын. Петропавл менің жеке өмірім мен спорттық мансабымның үлкен бөлігі болып қалды.


Байболат Култанов