СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі орынбасарының облысқа сапары

 

Серік Жұманғарин алдымен облыстағы «BioOperations» крахмал зауытының жұмысын көрді. Астықты терең өңдеу барысында зауыт бидай глютені, крахмал, клейковина, биоэтанол сияқты жоғары технологиялық өнімдер шығарады. Сонымен қатар, кәсіпорын республикадағы клейковина мен крахмалдың, ал ТМД бойынша биоэтанолдың жалғыз өндірушісі болып табылады.

АЙДАРХАН СӘРСЕМБАЕВ «KAZFOODPRODUCTS» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– Диірмен кешені тәулігіне 660 т өнім өңдеуге қауқарлы. Әзірге, біз күніне 500 т өңдеп жатырмыз. Биыл біз СО2 зауытын аштық. СО2 ден сұйытылған газ аламыз. Глютен және крахмал өнімі Норвегия, Турция,Индия мен АҚШ елдеріне экспортталады.

Тайынша ауданында Премьер-Министрдің орынбасары ветеринариялық зертхананың қызметімен де танысты. Кәсіпорынның негізгі жұмысы – тұрақты диагностикалық зерттеулер жүргіз арқылы халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан сақтауға бағытталған. Сауда және интеграция министрі Аққайың ауданындағы «Северный бройлер»ЖШС де барды. 5 мың тонна ет өндіретін «Северный бройлер» фабрикасы облыстың құс етіне деген сұранысын 50 пайызға дейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл – негізінен 170-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отырған ауылдық округтегі алғашқы ірі инвестициялық жоба.

БЕРІК АҚМҰРЗАЕВ, «СЕВЕРНЫЙ БРОЙЛЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ
–  Біздің фермаға қажетті негізгі мамандар оңтүстіктен келген. Ал құс өсірушілерді өзіміз оқыттық, үйреттік. Кәсіпорында маман тапшылығы жоқ. Керек болса басқа да тұрғындарды өзіміз оқытып, жұмыспен қамтамасыз етеміз.

Аққайың ауданы Ленин ауылындағы тауарлы-сүт фермасы да қарқынды жұмыс істеуде. Заманауи технологиялар арқылы кәсіпорын сапалы сүт өнімдерін шығаруда. Аталмыш кешен 1000 бас сиырға шақталған.

ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО «ЗЕНЧЕНКО И К» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
–  Кешенде 8 сауыншы бар. Бір сауыншының жұмыс уақыты 6 сағат. Аптасына 5 күн жұмыс істейді. Жалақылары 235 мың теңгені құрайды.

ҚР Сауда және интеграция министрі өңір диқандарымен де кездесті. Жиын барысында шаруалардың өзекті сұрақтарын тыңдап, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
– СҚО әлеуеті жоғары өңір. Сол себепті де, сүт өнімдерін шығаруды арттырса, ешкімге зиян келмейді. Егер тәжірибелі кәсіпкерлер сүт өнімін өндіруден кәсіпорын ашамын десе, біз барынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Облыста тағы басқа да кешендер салынып, жобалар жүзеге асырылуы керек.

Серік Жұманғарин Қызылжар өңіріндегі бірқатар кәсіпорын мен сүт-тауарлы фермаларын да аралап, жұмыс барысымен танысты.


Дана Ешкенова