Білім

Әскери қызметте көзге түскендерге ЖОО-да оқуға грант беріледі

Әскери қызметте көзге түскендерге ЖОО-да оқуға грант беріледі. Жақында Қорғаныс министрлігі Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар университеттерде тегін оқиды деген болатын. Енді жігіттердің мемлекеттік стипендияға да ие бола алатындықтарын хабарлауда. Бүгінге дейін министрлік 40 жоғары оқу орнының басшылығымен келісімке келді. 2023 жылдан бастап бұл білім ордалары ҰБТ нәтижелерін есепке алмай, мерзімді әскери қызметтен өткергендерді оқуға қабылдайды.


Алдияр Айтпаев