Құқық қорғау органдары

300-ден астам түрлі құқық бұзушылық анықталды

Мына үйде тұратын әйел адам ата-ана құқығынан айырылғалы жатыр. Өзі үйінде болмай шықты. Ішімдік ішуді әлі қоймаған. Балаларға әжелері қарап жүр.

– Была такая ситуация: или я обоих забираю, или их обоих отвозят. Была такая ситуация, мне думать некогда было. Говорю: я беру обоих.

Қария тұратын үй ішіндегі жағдай мәз емес. Баспанада өрт болып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Соған қарамастан, әжелері немерелеріне барынша көңіл бөліп, жағдайларын жасауға тырысып жатыр.
Келесі үйде бес балалы жалғызбасты ана тұрады. Мамандар одан қандай көмек қажет екендігін сұрады.

– получаете какие-то пособие? – Ну, как, по утере, как многодетной.- А адресная социальная помощь? – Нет, у меня больше

Баспана іші көңіл көншітпесе де әйел адам ұнжырғасын түсірмейді. Қоғам өкілдері әр жағдайды назарға алып, нәзікжандыға қолдау көрсетпек. Айта кетсек, іс-шара барысында 300-ден астам түрлі құқықбұзушылық анықталып, қолайсыз отбасы санатындағы жанұялар есепке қойылды.

АЙГҮЛ КӘРІМОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы
–  Қолайсыз отбасы санаты бойынша 16 отбасы есепке қойылды. Ішкі істер органдарының есебінде тұрған 3 мыңнан астам адамға тексеру өткізілді. 81 қорғау нұсқамасы шығарылды. 27 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды.

Полиция мамандарының айтуынша, облыста өткен жылы тұрмыстық қылмыс саны 7%-ға төмендеген.


Гульден Симбаева