Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыста Сенат депутаты таңдалды


 

 

АЛТЫНАЙ ҚАЗИҚАН, тілші
– Петропавлда ҚР Сенат депутаттарын сайлау өтуде. Науқанға 180-ге жуық мәслихат депутаты келіп отыр. Шамалы уақыттан кейін қос кандидаттың қайсысының бағы жанатыны анықталады.

Депутаттар саяси науқанға зор сенім артып отыр. Сайланған жанның септігімен өңірде өзекті тұрған мәселелер шешімінтауып, халықтың тұрмысы одан әрі жақсарса екен дейді. Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты Аққу Омаровабілім саласында тағы оң өзгерістер орын алғанын қалайды. Сөзінше, Большое ауылындағы балабақшада орынтапшылығы өткір тұр.



АҚҚУ ОМАРОВА, Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты:
 Үміткерлердің сайлауалдыбағдарламаларымен жіті танысып шықтым. Таңдалған депутат проблемаларға құлақ түріп, біржақты етедідеген сенім бар. Өзім Благовещенка мектебінің директоры болып жұмыс істеймін. Сол үшін білімсаласындағы жауыр мәселелер мені алаңдатады.


Қазақ тілінің мәртебесін өсіру, ауыл шаруашылығын дамытып, кәсіпкерлерді қолдау. Жалпы алғанда, Жаңа Қазақстанды құруға нық қадам жасау. Бүгінгі дауыс беругекелген әр депутат сайлаудың маңыздылығын тереңінен түсінеді. Сол үшін нағыз үздікті анықтамақшы.

ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, СҚО мәслихатындағы «Ақ жол» ҚДП фракциясының төрағасы:
 Сенат депутаттары әр облыстың атынаншығады. Сондықтан, дұрыс таңдау жасаудың орныерекше. Жалпы, өз басым кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау артса екен деймін. Ауылдардың жағдайы да назардан тыс қалмасын. Өйткені, қазір қаншама елдімекендер жабылып жатқаны жасырын емес. Олжақтардағы мектептерде бала санын көбейту керек.


Саяси науқанға қатысушылардың белсенділігі жоғары. Біршама уақыт ішінде өз таңдауларын жасап тастады. Көптен күткен сәт те жетті. Бюллетеньдер саналды. 144 депутат Гүлмира Кәрімоваға дауыс берген. 32-сі ЛаураҚайыржанованы таңдады.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер:
Бұл – мен үшін ерекше қолдау. Өйткені, сіздер халықтың атынан өздеріңіздің дауыстарыңызды бердіңіздер. Құрметті жерлестер, сенім артып отырған ағаларым, барлықтарыңызға шын ниетімменризалығымды білдіремін.

Гүлмира Кәрімова еліміздің Сенат депутаттығына 6 жылға сайланды.