ТЖ

Өрттен 6 адам құтқарылды

 

Бүгін түнде облыс орталығындағы 314-ші атқыштар дивизиясы көшесі бойында орналасқан 5 қабатты үйлердің бірінен от шықты. Оқиға орнына санаулы минутта жеткен 3 бірдей өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 6 адамды құтқарып, 65 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Тілсіз жау ішінде ешкім болмаған ең жоғары қабаттағы бір бөлмелі пәтерде бас көтеріпті. Қызыл жалын 15 шаршы метрді шарпып үлгерген пәтерден түк қалмаған. Қас-қағым уақытта от көрші баспаналарға тараған екен. Абырой болғанда, сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Самал Жунусова