Құқық қорғау органдары

Өңірде “Тұрмыс” жедел-алдын алу шарасы бастау алды

 Нарушитель: – Выпил немножко спиртного, поскандалил с женой, а она вызвала отряд полиции, и после этого ещё раз поругался, ещё раз вызвала, и вот так вот и попал сюда.

Ер адам қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды. Полицейлер оның отбасын да тексерді. Үйде төрт бала бар. Сол сәтте әйелі масаң күйде болғандықтан, ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Өңірде “Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Оның аясында ішімдікке салынған жандар мен тұрмысы төмен отбасылар тексеріледі.

Барған мекен-жайлардың бірінде екі баласы бар отбасы тұрады. Әке-шешесі ішімдікке жақын болыпты. Содан өткен жылы олардың ата-аналық құқықтарынан айыру туралы мәселе көтерілгендіктен екеуі де түзу жолға түскен. Қазір ішімдік ішпейді, үйде тәртіп бар, балаларын тәрбиелеп жатыр.

АЯН АСПАН, Петропавл қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторы:

– 2023 жылы 12 қаңтар мен 15 қаңтар аралығында Петропавл қаласының аумағында республикалық “Тұрмыс” жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл іс-шараның мақсаты – отбасылық тұрмыстық қарым-қатынастар кезінде қылмысты болдырмау және оның алдын алу. 

Жалпы, мамандар бір күнде 200-ден астам үйге бас сұққан. Нәтижесінде 19 заңбұзушылық анықталды. 13 қорғау ұйғарымы беріліп, сот 6 адамға қатысты ерекше талаптар белгіледі. Араққа салынған 5 адам мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілуі тиіс.


Самал Жунусова