Құқық қорғау органдары

ЕЭО елдерінен әкелінген көліктер кедендік тазартудан өтпейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында шетелдік автокөліктерді заңдастыру жайлы айтылды. Журналистермен жүздесуде Полиция департаментіне қарасты процессингтік орталықтың өкілдері баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді. Жұмыс ауқымды әрі өте маңызды. Тиісінше, қойылатын сауалдар да аз емес.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
–  1 қыркүйектен кейін әкелінген көліктердің жағдайы не болады?

ҚАЙРАТ СЕЙІТҚҰЛОВ, СҚО ПД процессингтік орталығының аға мемлекетті автоинспекторы
–  1 қыркүйектен кейін көліктер жалпы талап бойынша кіреді. Яғни, утилизациялық алым, бірінші тіркеудегі алымдар төленеді, экологиялық класс қаралады.

Заңдастыру кезінде шетелдік автокөліктердің кедендік тазартудан өткен-өтпегені назарға алынады. Бірақ, бұл талап бәріне ортақ емес. Қайрат Сейітқұловтың сөзінше, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жеткізілген темір тұлпарлардың мұндай құжаттары тексерілмейді.

ҚАЙРАТ СЕЙІТҚҰЛОВ, СҚО ПД процессингтік орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы
–  Беларусь, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения. Бір одақ болғандықтан бұл елдерден жеткізілген көліктер кедендік тазартудан өтпейді. Ал АҚШ-тан, Араб елдерінен, Грузиядан әкелінген көліктер кедендік тазартудан өту керек.

Қазір халық арасында рөлі оң жақта орналасқан көліктер жайлы жиі айтылуда. Мұндай автомобильдер де заңдастырылады. Қоса кету қажет, темір тұлпарларды тіркеу кезінде олардың жасы мен экологиялық класы назарға алынбайды.


Байболат Култанов